Биыл күзде Қазақстанға Лукашенко келеді

Drop of Light / Shutterstock.com
Қазақстанда белоруссиялық және қазақстандық мүдделі компаниялардың қатысуымен бизнес-форум өтеді.

Белоруссия президенті Александр Лукашенко осы күзде Қазақстанға сапармен келеді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Kursiv.kz хабарлағандай, алдағы іс-шараның кестесін Минскідегі дипломатиялық миссиясын аяқтағалы отырған елші Ермұхамет Ертісбаев пен Белоруссия сыртқы істер министрі Владимир Макей кездесу барысында талқылаған.

Оның ішінде тараптар 2019 жылдың қазан айына жоспарланып қойған Александр Лукашенконың Қазақстанға сапарын сөз етті. Макей атап өткендей, "беларусь тарапы қазақстандық әріптестерімен ықпалдастыққа дайындалуда".

Сапар барысында Қазақстандағы Белоруссия елшілігінің жаңа ғимараты ашылып, белоруссиялық және қазақстандық мүдделі компаниялардың қатысуымен бизнес-форум өтеді деп жоспарланған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін