Биыл Назарбаев сыйлығы шетелдің екі адамына берілді

Сурет: zakon.kz
Назарбаев арнайы сыйлықты Лассина Зербо мен марқұм Юкия Аманоның жұбайы мен бауырына тапсырды.

"Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығының" иегерлері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Биыл Назарбаев сыйлығымен бір мезгілде екі бірдей адамға берілді. МАГАТЭ-нің бас директоры болған, марқұм Юкия Аманоға және Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы ха тшысы Лассина Зербоға беру туралы шешім қабылданды. Юкия Амано МАГАТЭ басшысы лауазымында халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, яд ролық қаруды таратпауға және ядролық атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласына үлес қосты. Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құруда және Иран ядролық проблемасын шешуде маңызды жұмыстар атқарды. МАГАТЭ қызметінің басым бағыт тарының бірі - обыр ауруларымен күрес және ядролық техн о логияларды су ресурстарын басқару, азық-түлік қауіпсіздігін басқару саласында қолдану болды", - деді Мемлекет басшысы.

фото .tyt.by

Ол сондай-ақ, Лассина Зербоның да осы салаға қосқан үлесін атап өтті.

"Оның күш-жігері ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шартты мониторнигілеу бойынша халықаралық желіні құру жұмыстарын аяқтауға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, ол осы шарт ұйымының жастар тобын құруға да бастамашы болды. Юкия Амано мен Лассина Зербо ядролық қаруды таратпауға және әлемдік қауіпсіздікке қомақты үлес қосты. Сондықтан бүгінгі Назарбаев сыйлығы лайықты тағайындалды деп ойлаймыз" - деді Президент.

Фото zavtra.fun

Өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы сыйлықты Лассина Зербо мен марқұм Юкия Аманоның жұбайы мен бауырына тапсырды.

Еске салсақ, аталған сыйлық Елбасының 2016 жылғы сәуірде Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік саммиті барысында жарияланған "Әлем. XXI ғасыр" манифесі идеяларына орай бекітілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты