Мәжіліс депуттары көппәтерлі тұрғын үйлер құрылысын назарға алды

Мәжілістің баспасөз қызметі
Федоров ауданында бүгінде 200-ден астам отбасы тұрғын үй кезегінде тұр.

Бүгін Мәжіліс депутаты Артур Платонов Қостанай облысының Федоров ауданындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Нысан "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асуда, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Федоров ауданының әкімі Тәуба Исабаевтың айтуынша құрылыс жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталған. Жаңа баспананы қолданысқа қараша айында беру көзделіп отыр.

- Үй 24 пәтерлі болмақ. Бұл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясындағы ең алғашқы ірі жобамыз. Жалпы құны 164 млн теңгеден асады. Республикалық қазынадан 146,3 млн тенге, қалған 20,7 млн тенге қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді,- дейді аудан әкімі Тәуба Исабаев.

Депутат Артур Платонов ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, бүгінгі таңда мемлекет аз қамтылған, әлеуметтің осал топтарына қамқорлық танытып жатқанын айтты.

Федоров ауданында бүгінде 200-ден астам отбасы тұрғын үй кезегінде тұр. Ауданның сайтында кезекте тұрған азаматтардың тізімін көрсетілген. Келесі жылы тағы бір көп пәтерлік баспананың құрылысын салу жоспарлануда. Аудан әкімінің сөзінше, барлық жұмыстар уақытылы орындалып, құрылыс жұмыстары аяқталған соң, алаңдарын абаттандыру мәселесі қарастырылуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты