Алматы облысында ішімдік жасайтын жасырын цех анықталды

inform.kz
Алкогольдік ішімдік құйылған 467 бөтелке, 500 акциздік марка және 2 тонна спирт тәркіленді.

Алматы облысында алкогольдік өнімдер өндіретін жасырын цех анықталды. Сапасы күмәнді спирттік ішімдіктер Қарасай ауданына қарасты Көксай ауылында шығарылып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің мамандары жедел-іздестіру барысында жалған акциздік маркалары жабыстырылған нарықта өте өтімді деген сауда белгілері бар 10 шақты арақ түрін өндіретін цехтың жұмысын әшкереледі. Нәтижесінде алкогольдік ішімдік құйылған 467 бөтелке, 500 акциздік марка және 2 тонна спирт тәркіленді.

Аталған ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, осы факті бойынша ҚР ҚК 233-бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, сот алды тергеу жұмыстары басталды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды