Әйелдерді сөзбен жеңу мүмкін емес – ғалымдар тұжырымы

Pixabay
Ғалымдар соңғы 40 жыл ішінде зерделенген, 1,2 миллион адам қатысқан 600-ден астам ғылыми еңбектің нәтижесіне сүйене отырып, осындай қорытынды жасады.

Каролин институтының (Швеция) ғалымдары әйелдермен дауласып, оларды жеңу мүмкін еместігін дәлелдеді. Оны ғалымдар әйел адамның көріністік жадысының жақсы дамуымен байланыстырады, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Әйелдер өз өміріндегі оқиғаларды, оның ішінде нақты күндерді, уақытты және жағдайларды есінде өте жақсы сақтайды. Сондықтан да қандай да бір дау туған кезде әйел адамдардың келтіретін дәйегі көбірек әрі дәлелді болып келеді. Ал ер адамдар сыртқа қатысты ақпараттарды жадында жақсы ұстайды екен. Мысалы, алысқа тастап кеткен көлігін ер адам тезірек тауып барады. Жолды жақсы біледі.

Ғалымдар соңғы 40 жыл ішінде зерделенген, 1,2 миллион адам қатысқан 600-ден астам ғылыми еңбектің нәтижесіне сүйене отырып, осындай қорытындыға келген.

2016 жылы америкалық ғалымдар орта жастағы әйелдердің есте сақтау қабілеті ерлерге қарағанда жақсы екенін анықтады, бірақ ағзаның пісіп-жетілу құбылысы тоқтағанда (менопаузадан соң) ол, керісінше нашарлайды.

Көптеген ғылыми зерттеулердің нәтижелері қартаю процесі танымдық қабілеттің нашарлауымен қатар жүретінін дәлелдеген. Егде тартқан әйелдердің шамамен 75 проценті менопаузадан соң ұмытшақ бола бастағандарына шағымданған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты