Тоқаев тағы 5% міндетті зейнетақы жарнасын енгізуді 2023 жылға дейін шегерді

Inbusiness.kz
Үкімет әлеуметтік жарналардың өсіп келе жатқан көлеміне назар аударуы керек.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялай отырып, жұмыс берушілердің 5% қосымша зейнетақы жарналарын енгізуді 2023 жылға дейін кейінге қалдыруды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Адал салық салу және дұрыс қаржылық реттеу. Жалпы ішкі өнімнің өсуіне және халықтың табыстарына қарамастан, қазақстандық қоғамда бай мен кедей алшақтығы сақталып келеді және тіпті күшейе түсуде. Бұл ерекше назар аударуды қажет ететін алаңдатарлық фактор. Менің пайымдауымша, ұлттық табысты неғұрлым әділ бөлуге баса назар аудара отырып, салық жүйесін жаңғырту қажет, - деді ол.

Оның айтуынша, үкімет әлеуметтік жарналардың өсіп келе жатқан көлеміне назар аударуы керек.

- Бір жағынан, бұл жарналар әлеуметтік және зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Алайда бұдан жұмыс берушілер жұмыс орындарын құруға және жалақыны көтеруге ынтасын жоғалтуы мүмкін деген қауіп бар. Бизнес көлеңкеге түседі. Сондықтан мен үкіметке 5% мөлшерінде қосымша зейнетақы жарналарын енгізуді 2023 жылға дейін кейінге қалдыруды тапсырамын. Кейін біз бұл сұраққа қайта ораламыз, - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы осы уақыт ішінде үкімет, бизнес өкілдері мен сарапшылар болашақ зейнеткерлердің де, жұмыс берушілердің де мүдделерін ескере отырып, келісілген шешім қабылдауы керек деп қосты.

- Үкімет Салық кодексінде көзделмеген барлық төлемдерге тыйым салуы керек. Бұл шын мәнінде артық жүк салатын қосымша салықтар, - деп түйіндеді Президент.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды