Жолдауды орындайтын Жалпыұлттық жоспар 7 қыркүйекке дейін әзір болатын болды

Баспасөз қызметі
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруды толығымен қаржылай қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажеттігін айтты.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында Мемлекет басшысының "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" Жолдауын іске асыру шаралары талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының бес басты бағытын орындау жолдары туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов, Үкімет басшысының орынбасарлары Жеңіс Қасымбек пен Бердібек Сапарбаев баяндады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруды толығымен қаржылай қамтамасыз ету шараларын қабылдау қажеттігін айтты.

"Президент тапсырмаларын орындауға барлық бірінші басшылар дербес жауапты екенін назарларыңызға саламын. Атап айтайын, әрбір тапсырмасының орындалуы қатаң бақылауға алынып, орындалуының нақты мерзімі белгіленуі қажет. Біз қойылған міндеттерді тиімді шешу бойынша үйлесімді жұмыс жүргізуіміз керек", — деді Аскар Мамин.

Үкімет басшысы 7 қыркүйекке дейін Мемлекет басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді іске асырудың Жалпыұлттық жоспарының жобасын әзірлеуді тапсырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты