Кәсіпкерлерді 3 жылға салықтан босату бизнестің жолын ашады - сарапшы

Хабар 24
Мұндай шаралар өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, бизнесін домалатып, жұмыс орындарын ашуға жақсы мүмкіндік береді.

Президент Жолдауында айтылған шағын кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтарды үш жылға салықтан босату, сондай-ақ келесі жылдың қаңтар айынан бастап, микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылға тыйым салынуына қатысты сарапшы пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz Хабар-24-ке сілтеме жасап.

"Мұндай шаралар өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, бизнесін домалатып, жұмыс орындарын ашуға жақсы мүмкіндік береді", - дейді бизнес қоғамдастығының өкілдері.

- Салықты қайдан алуымыз керек, шағын бизнестен орта бизнеске барғаннан кейін барып, сол жерден алуымыз керек. Өйткені орта бизнес аяғына тік тұрған, өзінің болашағына сенімді және клиенттері бар. Бизнесмен деген ол тек қана өнімді шығарумен, қызмет көрсетумен айналысу керек. Басқа нәрселердің барлығы Үкімет бар, бизнес саласына қарайтын өкілдіктер бар бәрін біз өзіміздің қолымызға алуымыз керек, - дейді Қарағанды облыстық кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры Серік Санаубаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі