Қазақстанда зорлық-зомбылық көрсеткіші Францияға қарағанда 4 есе артық – сарапшы

Сурет: zakon.kz
Мысалы, Қазақстанда зорлаушы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, Францияда мұндай қылмыс жасаған тұлғаға мерзім үш есе артық кесіледі.

Психолог-маман зорлық-зомбылыққа қатысты заңнамадан тараптарды татуластыру, олардың келісімге келуі сынды баптарды алып тастауды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz "Хабар-24"-ке сілтеме жасап.

"Францияда кісі зорлаушыларға қарсы заң қатаң. Келешекте қазақстандық заңнама да осындай болуы әбден мүмкін. Себебі, мемлекет басшысы биылғы жолдауында мұндай зұлымдық үшін жазаны қатаңдату қажеттігін айтты", - дейді телеарна тілшісі.

Екі мемлекеттің қылмыстық кодекстерінің арасында қандай ұқсастық пен айырмашылықтар бар?

Париждегі психолог Светлана Котинаның кеңсесіне тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандар жиі келеді. Статистикаға сүйенсек, Францияда зорлау деректерінің 80 проценті отбасылық жағдайда болады екен. Егер әйелді зорлаушы бұған дейін онымен азаматтық қатынаста тұрған болса, оның жазасы тіпті ауырлай түседі. Светлана осы қылмысқа қатысты қазақстандық заңның да қатаңдатылуын қолдайтынын айтады.

Свтелана Котина, психолог:

- Күш қолдану, зорлау бұл - қылмыс. Ол заң бойынша жазалануы керек. Сондықтан тараптарды татуластыру, олардың келісімге келуі сынды баптарды алып тастау керек деп ойлаймын.

Егер екі мемлекеттің кодекстерін салыстыратын болсақ, айрмашылықтарды бірден байқауға болады. Мысалы, Қазақстанда зорлаушы 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, Францияда мұндай қылмыс жасаған тұлғаға мерзім үш есе артық кесіледі. Адам өлімімен аяқталатын жағдайға қатысты берілетін жаза мерзімі де өзгеше.

Стефан Эпине, адвокат:

- Мұндай қылмысқа қатысты заң қатаң болуы тиіс. Ол зорлау құрбаны болған адамның қылмысты жасырмауға итермелейтіндей болуы қажет. Францияда үкімнің жартысы осындай іс бойынша шығарылады. Заңды қатаңдату қоғамға әсер етеді.

Адвокат Стефан Эпине екі мемлекет арасындағы сексуалды қылмыстың жиілігін салыстырып, оның саны шамамен бірдей дегенді айтады. "Бірақ мұндай қылмысты халық санына қарай бөліп есептесек, Қазақстанда зорлау Францияға қарағанда 4 есе артық" - дейді сарапшы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін