Есеп комитетінің басшысы Тоқаевқа есеп берді

Ашық дерек көздерден алынды
Наталья Годунова Президентке үш жылға бөлінген 583 миллиард теңге қаржыны тиімді пайдалану туралы Есеп комитетінің Үкіметке жасаған ұсынысы жөнінде айтты.

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Есеп комитетінің төрайымы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың алдын-ала қорытындылары жөнінде баяндады.

Наталья Годунова Президентке үш жылға бөлінген 583 миллиард теңге қаржыны тиімді пайдалану туралы Есеп комитетінің Үкіметке жасаған ұсынысы жөнінде айтты. Аталған қаражаттың 283 миллиард теңгесі 2020 жылы игеріледі.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев Наталья Годуноваға бірқатар нақты тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды