Елбасы "Астана" халықаралық қаржы орталығында болды

Елбасына АХҚО Соты, Ағылшын құқығы академиясы, Халықаралық төрелік орталығы және АХҚО Ахуалдық орталығының қызметі туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті қаржы орталығы биржасының негізгі акционерлері және қатысушыларымен кездесті.

Астана халықаралық қаржы орталығында болған Нұрсұлтан Назарбаевқа ЭКСПО-2017 көрмесінің мұралары және АХҚО құқықтық жүйесін дамыту бойынша қабылданған шаралар жөнінде ақпарат ұсынылды, деп хабарлайды "Хабар-24".

Сонымен қатар Елбасына АХҚО Соты, Ағылшын құқығы академиясы, Халықаралық төрелік орталығы және АХҚО Ахуалдық орталығының қызметі туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті қаржы орталығы биржасының негізгі акционерлері және қатысушыларымен кездесті.

Спикерлердің баяндамасын тыңдаған соң Нұрсұлтан Назарбаев ел басшылығының АХҚО қызметін толық қолдайтындығын атап өтті.

– ­­Жекешелендіру жоспарын АХҚО биржасы арқылы іске асыруды жалғастыру қажет. Әрине, әлемдік нарық ахуалын ескерген жөн. Сонымен қатар, әлемнің халықаралық қаржы орталықтарының АХҚО-ға деген сенімін күшейту керек. Ұлттық экономикаға тартылатын қаржы ресурстарының мөлшері осыған байланысты, ­– деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті экономикалық өсімнің жоғары қарқынын қамтамасыз етудің және елдің стратегиялық даму жоспарларына қол жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

– Алда орталықты ауқымды жұмыс күтіп тұр. Барлық серіктестермен қалыптасқан іс-қимылды жалғастыру маңызды. Мен АХҚО жұмысын ұдайы қолдайтын боламын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетсек, "Астана" халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылы 7 желтоқсанда қол қойылды. Бүгінгі таңда АХҚО GFCI қаржы орталықтарының жаһандық индексінде 102 орынның 51-де тұр. Сонымен бірге, АХҚО "Шығыс Еуропа және Орталық Азия" өңір рейтингісінде 1 орын алды. АХҚО аумағында тіркелген компаниялар саны 258-ге жетті.

Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/ekonomika/item/341012-elbasy-astana-khaly-araly-arzhy-ortaly-ynda-boldy
Қолданылған материалдарға міндетті түрде www.24.kz сайтына гиперсілтеме берілуі тиіс / Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на www.24.kz

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: