Өзбекстан Түркі кеңесіне қосылды

turkkon.org
Түркі кеңесінің Бас хатшысы мұны тарихи оқиға деп атады.

14 қыркүйекте Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесін құру туралы Нахичеван келісімін ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды gazeta.uz.

Құжатты сол күні-ақ Олий Мажлис Сенаты мақұлдады. Заңды талқылау барысында Өзбекстанның кеңеске мүшелігі сауда мен инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасауға, тауарлардың, капиталдың, қызметтердің және технологиялардың еркін қозғалысына кезең-кезеңімен көшу үшін кедендік және транзиттік процедураларды жеңілдетуге, қаржы-банктік операцияларды жеңілдетуге мүмкіндік беретіні айтылды.

Бұған дейін төрт мемлекет Кеңес мүшелері болған: Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия. Бақылаушы мәртебесі – Венгрияда. Ұйымның құрылымына мемлекет басшыларының кеңесі, сыртқы істер министрлерінің кеңесі, аға шенеуніктер комитеті, түркітілдес мемлекеттердің ақсақалдар кеңесі және Стамбул қаласында орналасқан хатшылық кіреді.

Түркі Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әмреев Өзбекстанның ұйымға кіруін тарихи оқиға деп атады және бұл кеңеске серпін беріп, түркітілдес елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді деген сенімін білдірді.

Әмреев Өзбекстан президенті 15 қазанда Бакуде өтетін кеңестің 7-ші саммитіне қатысатынын айтты.

Түркі кеңесі – қазіргі түркі мемлекеттерін біріктіретін халықаралық ұйым, оның негізгі мақсаты – мүше мемлекеттер арасындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Түркі кеңесі 2009 жылы 3 қазанда Нахичеванда құрылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді