Бас прокуратура Тұрлыбайдың ісі туралы айтты

Сұңқар Нұрмағамбетов
Қытай сотының ақырғы үкімін күтеміз.

ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- Қытайда біздің азаматымыз қамалып жатқанын білесіздер. Қазір үкімге қатысты апелляция қаралуда. Бізде Қытаймен сотталған адамдарды қайтару туралы өзара екіжақты келісім бар. Біз Қытай сотының соңғы үкімін күтеміз, - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, Қазақстан билігі Ақжарқын Тұрлыбайды қалай да елге қайтаруға ниетті.

- Егер ақталып шықса, тіпті жақсы, егер сотталып кетсе, ол да, біз де әрі қарай жазасын Қазақстанда өтеу туралы өтініш беруге құқылымыз, - деп түйіндеді Ахметжанов.


Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай есірткі контрабандасы үшін өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген болатын. Қыз өзінің кінәсін мойындамайды. Кейіннен Тұрлыбайдың адвокаттары апелляция берген, ол қазір қаралуда. Қыздың анасы ҚР Президентіне Ақжарқын Тұрлыбайды отанына қайтару үшін барлық мүмкін шараларды қабылдауға көмектесуді өтінген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты