Алматы облысында браконьерлердің 1 тонна балығы тәркіленді

yandex.ru
7 қыркүйекте басталған "Браконьер" алдын алу іс-шарасының басты мақсаты – браконьерлікті болдырмау.

Алматы облысының тәртіп сақшылары "Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы барысында табиғат қорғау заңнамасын өрескел бұзудың 75 дерегін анықтады. Оның 18 дегері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"7 қыркүйекте басталған "Браконьер" алдын алу іс-шарасының басты мақсаты – заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, браконьерлікті болдырмау. 12 күн ішінде заңсыз аң аулаумен айналысқан 3 тұлғаға, балық аулаған 2 тұлғаға және кесуге тыйым салынған ағаштарды кескен 13 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, 57 адамға әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды", - деді Алматы облысы ПД Табиғат қорғау инспекторы Бағлан Рымжанов.

Табиғат сақшыларының ақпаратына сәйкес, бүгін Еңбекшіқазақ ауданының аумағында табиғат қорғау органдарымен бірлесе отырып, жергілікті тұрғынның Сібір елігін атып алу дерегі әшкереленген. Бұған дейін, осы ауданда жергілікті тұрғынды Қызыл кітапқа енгізілген 4 тоғай бұғысын атқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шараларының қабылданып жатқаны туралы хабарланған.

"Осы іс-шара барысында 8 мылтық тәркіленді. 1 тоннадан астам балық, 12 текше метр ағаш тәркіленіп, олардан түскен қаражат мемлекеттің пайдасына аударылды", - деп атап өтті Б. Рымжанов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Қазақстанда қандас мәртебесін немесе тұрақты тұруға рұқсат алу үшін нені білу керек

Қазақстанда корей компаниясымен спутник бөлшектерін шығаратын өндіріс хабын құру жоспарланып отыр

Димаш Құдайбергеннің әлемдік турына әр елдегі жанкүйерлері қазірден бастап дайындалып жатыр

Сирек кездесетін монета 45 мың долларға сатылды: оның ерекшелігі неде