Кешегі митингтерде 100 адам ұсталды

zakon.kz
Қазақстанның 7-8 қаласында адамдар ұсталды.

Үкіметте ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 21 қыркүйекте рұқсат етілмеген митингтер кезінде ұсталған азаматтардың санына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

- 21-ші қыркүйекке дейін Бас прокуратура барлық қалаларда рұқсат етілмеген митингтердің өткізілуіне жол берілмейтіні туралы ескерту жариялады. Республикамыздың барлық қалаларында 21 орын айтылған. Біз бұл митнгке қатысудың заңсыз әрекет болатынын ескерттік және 21-і күні митинг болады деген жерлерге полиция жасақтары шығарылды, митингтердің алдын-алу жұмыстары жүргізілді, - деді ол.

Ел бойынша 7-8 қалада адамдар ұсталды. Нұр-Сұлтан мен Алматыдан басқа қай қалаларда адамдар ұсталғаны туралы сұраққа жауап беру ішкі істер министріне қиынға соқты.

- Сол күні 100-ге жуық адам ішкі істер органдарына жеткізілді. Оның 15-і әкімшілік жауапкершілікке, 9-ы әкімшілік қамауға, 6-ы әкімшілік айыппұлға тартылды. Қалған азаматтармен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, бәрі босатылды, - деді Тұрғымбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі