Алматы әкімдігінің бір департаментін Массачусетс түлегі тізгіндеді

Баспасөз қызметі
Ол - Цинхуа университеті (Қытай), Швейцария бизнес академиясы және Массачусетс технологиялық институты (АҚШ) сынды шетелдік университеттердің түлегі.

Алматы қаласы әкімінің өкімімен Баян Қоңырбаев Алматы қаласының Цифрландыру департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баян Қоңырбаев 1986 жылы 27 тамызда дүниеге келген. 2008 жылы Алматы энергетика және байланыс университетін бітірді. Ол - Цинхуа университеті (Қытай), Швейцария бизнес академиясы және Массачусетс технологиялық институты (АҚШ) сынды шетелдік университеттердің түлегі.

Еңбек жолын 2009 жылы "Сұңқар" медициналық компаниясының Қытайдағы өкілі ретінде бастаған. Әр жылдары ол Қытайдағы, АҚШ-тағы компанияларда жұмыс істеді.

2018 жылдың маусымы мен қазан айлары аралығында "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Сату департаментінің бас менеджері. 2018 жылдың қазан айынан қазіргі тағайындауға дейін "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Бизнесті трансформациялау департаментінің директоры болды.

Айта кетсек, цифрландыру бөлімі Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен құрылды. Жаңа басқарманың міндеттері - "ақылды қаланың" жаңа жобаларын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды аяғына жеткізу, Алматыдағы IT-сектор үлесінің өсуіне жағдай жасау.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды