Еуропарламент коммунистік режимді нацистік режиммен теңестірді

wikipedia.org / Diliff
Бұл құжаттың бар мәні – Германияның фашистік режимі мен КСРО-ның коммунистік режимін бір-бірімен теңестіру.

19 қыркүйекте Страсбургте өткен кезекті сессияда Еуропарламент депутаттары "Еуропаның болашағы үшін еуропалық тарихи ескерткіштердің маңызы туралы" резолюция қабылдады, деп хабарлайды riafan.ru.

Бұл құжаттың бар мәні – Екінші дүниежүзілік соғыс Молотов-Риббентроп пактісіне қол қоюмен аяқталды, сондықтан бүкіл Еуропада соғыс басталуына себеп болған Германияның фашистік режимі мен КСРО-ның коммунистік режимін бір-бірімен теңестіруге болады.

"Мен бұл резолюцияға қарсы дауыс берген 66 депутаттың бірі болдым, қалған 52 депутат қалыс қалды, ал 535-і бұл құжатты қолдады", деді Латвиялық еуродепутат, "Латвия орыстары одағының" жетекшісі Татьяна Жданок.

- Мен осы резолюцияның кейбір тармақтарын қолдай отырып, және тарихи естеліктің сақталуын маңызды мәселе деп санай отырып, парламентті жалпы осы резолюцияға қарсы дауыс беруге шақырдым. Бірақ мен нацистік және коммунистік режимдерді теңестіруге қарсымын. Зұлымдық біреу ғана болуы тиіс! Абсолюттік зұлымдық – ол нацистік идеология! Мен осы резолюцияда көрсетілгендей, Екінші дүниежүзілік соғыс тарихын қарабайыр етуге қарсымын. "Мюнхен" қайда? (Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия арасында 1938 жылдың 30 қыркүйегіне қараған түні қол қойылған келісім. Оған сәйкес, Чехословакия Судет облысын 10 күннің ішінде Германияға беруі тиіс болған. Алайда 1938 жылы 1 қазанда гитлершілер Мюнхен келісімінің орындалуын күтпей-ақ, Чехословакияға басып кіріп, Судетті басып алды, ал 2 қазанда Польша Чехословакиядан Тешин облысын тартып алған – ред. ескертуі) Оны ұмытып кеттік! 1939 жылдың 23 тамызына дейін жасалған екіжақты келісімдер қайда? Олар да ұмытылды ма? Өзімізді өзіміз бұлай алдамай-ақ қояйық, деді Татьяна Жданок.

"Әрине, шыншылдыққа шақыруға болады. Бірақ бұл резолюцияны қолдап қазіргі еуродепутат, Риганың бұрынғы орыс мэрі, Кремльге жақын делінетін "Согласие" партиясының жетекшісі Нил Ушаков дауыс берді. Бұл таң қалатын жағдай емес. Нил Валерьевич бұған дейін Латвияда орыстілді білімнің жойылуына еш қарсылық көрсетпей, Латвияның орыстілді тұрғындарын сатып кеткен", дейді басылым.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аяз ата келіп тұр: Атырау ауруханасында кішкентай науқастарды ерекше құттықтады

Түркістандық оқушылар Президент шыршасына қатысты

Қазақстандағы уақыт белдеуін өзгерту: Үкімет кезекті мәлімдемесін жасады

Ақтаудағы ұшақ апаты: ТЖМ түсініктеме берді

Павлодарда мемлекетаралық іздеуде жүрген такси жүргізушісі ұсталды