Бокстан әлем чемпионатының 2 жүлдесі Қызылордалықтардың еншісінде

-
Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медальмен аяқтады.

Қызылордалық боксшылар Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен бокстан Әлем чемпионатында күміс және қола жүлдемен оралды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов баяндады, деп хабарлайды Zakon.kz.

- 2020 жылы Токио олимпиадасында тыңғылықты дайындықта баруымыз қажет. Ол үшін спотшыларымызға барлық жағдайды жасау міндетіміз. Өздеріңіз білесіздер, Қамшыбек Қоңқабаев Ұлттық құраманың капитаны. Бұл сол құрамадағы барлық спортшылардың рухын көтеру, оларға жол көрсетуде, Қамшыбек Бейсенбайұлына жүктелетін жауапкершілікте салмақты. Әлем чемпионатында 8 салмақ дәрежесінде 2 жүлдені Қызылордалықтардың иеленуінің өзі үлкен жетістік, - деді Олжас Акимов.

Әлем чемпионатының алдында, "Азия чемпионатының жеңімпазы" атанып келген қос боксшы, бұл дода да жеңіс тұғырынан көрінді. Өз кезегінде, боксшыларымыз күміс жүлде иегері, +91 келі салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев пен 75 келі салмақта қола жүлдені алған Тұрсынбай Құлахмет, барша қолдау білдірген азаматтарға алғыстарын білдірді.

Еске сала кетейік, бокстан Қазақстан құрамасы Әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медальмен аяқтады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі