ШҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Сүлейменов сотталды

zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін сотталды.

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Ғ.Қ.Сүлейменовке қатысты пара алды және алаяқтық жасады деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оған өзінің қарамағындағы бағынышты қызметкерлерден жұмыста қолайлы жағдай жасап көмектескені үшін 700 мың теңге көлемінде пара алғаны, сондай-ақ орындалған жұмыс актілеріне қол қою кезінде алаяқтық жасағаны үшінайып тағылған болатын.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен Г.К.Сүлейменовке пара алғаны және алаяқтық жасағаны үшін 24,5 млн. теңге көлемінде айыппұл түріндегі және өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасы белгіленді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды