Түркістан: Түлкібас ауданында жылдың соңына дейін 6 мәдени нысан жаңартылады

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған игі бастама, ауыл тұрғындары рухани азық алатын нысандардың маңыздылығын тағы бір рет айшықтап берді.

Түлкібас ауданында көп жылдан бері тозығы жеткен мәдени нысандарында қайта жөндеу жұмыстары жүргізіле бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған игі бастама, ауыл тұрғындары рухани азық алатын нысандардың маңыздылығын тағы бір рет айшықтап берді.

Соның нәтижесінде, аудандық бюджет есебінен Елтай, Жанұзақ, Көкбұлақ, Алғабас, Рұсқұл ауылдық клубтарына күрделі жөндеу жұмыстары, ал Сарытөр ауылдық мәдениет үйінде ағымдағы жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 100-ден аса адамға есептелген мәдениет ошақтарының аумақтары да толығымен қоршалып, абаттандырылатын болады. Қайта жаңғырған мәдени нысандарда ауыл жастары музыкалық және басқа да үйірмелерге қатысып, бос уақыттарын тиімді пайдалана алады. Ол үшін барлық жағдай жасалынбақ. Ғимараттар биылғы жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған