Білім және ғылым вице-министрі: Сириядан 506 бала қайтарылды

regnum.ru
Республика бойынша кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-психологиялық құқықтық көмек беретін 15 орталық жұмыс істейді.

Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова 27 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз жиынында осы уақытқа дейін Сириядан Қазақстанға 506 бала жеткізілгенін хабарлады.

Қазіргі кезде оларды қоғамға бейімдеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды azattyq.org.

Оның айтуынша, республика бойынша кәмелетке толмағандарға әлеуметтік-психологиялық құқықтық көмек беретін 15 орталық жұмыс істейді.

- Бұл орталықтарда 14 баласы бар төрт ана тұрақты тұрып жатыр. Қалғандары күндіз ғана келіп жүр. Қазіргі кезде 254 бала - балабақшаға, 153 бала мектепке барады. Бұдан бөлек, 33 бала ата-анасыз балаларға арналған ұйымдарға таратылды, - деді Бибігүл Асылова.

Бұған дейін мамандар мұндай орталықтар жұмысының мерзімі шектелмегенін, Сириядан оралғандар қоғамға толық бейімделіп кеткенше үздіксіз жалғаса беретінін айтқан.

2018 жылы шілде айында Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Таяу Шығыста соғыс басталғалы бері Сирия мен Иракқа Қазақстанның 800-ге жуық азаматы кеткені туралы хабарлаған. ҰҚК мәліметінше, Сирия мен Ирактағы халықаралық террорлық ұйымдар қатарында қазақстандық 120 ер, 250-ден астам әйел және кәмелетке толмаған 500 бала болған.

2019 жылы Қазақстан билігі "Жусан" операциясы барысында Сириядан 516 адамды жеткізген, олардың 360-ы - бала. Бұған дейін билік елге жаңадан оралғандардың біраз уақыт оңалту орталығында болатынын хабарлаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті