Еріктілер қызметі еңбек өтіліне енгізіліп, жас мамандар ауылдарды аралайтын болады

Айта кетейік, қазір елімізде еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған 7 ұлттық жоба әзірленді.

Еріктілердің қызметі еңбек өтіліне кіруі тиіс. Мұндай бастама ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қатысуымен өткен қоғамдық кеңестің отырысында айтылды, деп хабарлайды Хабар 24.

Еріктілер қозғалысын кеңінен насихаттау мақсатында осы салаға халықтың әртүрлі топтарын атап айтқанда, студенттерді, дәрігерлер мен мұғалімдерді және аға буын өкілдерін тарту көзделіп отыр. Осылайша корпоративті еріктілер ұйымын дамыту жоспарда. Бұл қазақстандық волонтерлердің халықаралық деңгейдегі шараларға қатысуына мүмкіндік бермек.

Айта кетейік, қазір елімізде еріктілер қозғалысын дамытуға бағытталған 7 ұлттық жоба әзірленді.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Біз жалпыұлттық 7 жобаны таңдадық. Мәселен, "Біргеміз, саулық" жобасы аясында дәрігерлер ауылды жерлерге барып, өз көмектерін ұсынатын болады. Яғни олар еріктілердің қатарын толықтырады. Ал "Біргеміз, білім" жобасы бойынша еріктілерді ауыл жастарына ағылшын тілін үйрететуге және оқушыларды Ұлттық біріңғай тестілеуге дайындауға шақырмақпыз. Ал "Біргеміз, асыл мұра" аясында волонтерлар тарихи-өлкетану мұражайлары мен мәдени ескерткіштерге назар аударса екен дейміз. Бұдан өзге де жобаларымыз бар.

Әлия Ғалымова, ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы:

- Жалпы ұлттық жобалар аясында әр түрлі сала бойынша азаматтарды қолдауға 300 мың теңгеге дейін шағын гранттар беру жоспарланып отыр. Осындай гранттардың саны 400-ден аспақ. Келесі жылы еріктілер жылының басталуына байланысты оларды кеңінен насихаттау мақсатында бірқатар іс-шара өткізіледі. Жылды қорытындылаған соң қазақстандық және шетелдік еріктілерге "Жыл волонтері" сыйлығы табысталмақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: