Норвегия билігі қазақстандық 59 гастербайтерді кері қайтарып жіберді

aif.md
Норвегия тарапы ұсталған ұсталған қазақстандықтардың бәріне билет әперіп, кері қайтарып жібермек. Ал ұсталған қазақстандықтар "Қазақстанның Норвегиядағы елшілігіне ризашылықтарын білдірді".

Еңбек заңнамасын бұзғаны үшін Норвегиядан депортацияланған қазақстандықтар Қазақстан елшілігі мен Норвегия үкіметіне ризашылықтарын білдірді. Бұл туралы бүгін журналистерге берген сұхбатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

2019 жылғы 25 қыркүйекте Норвегияда көші-қон органдары маусымдық жұмыс үшін келген 59 қазақстандықтың заң бұзғанын анықтады. Олардың көпшілігі елге туристік визамен кірген болып шықты.

- Қазір 59 азаматтың 45-і Қазақстанға оралды, қалған 14-і бүгін ұшады. Біздің Норвегиядағы елшілігіміз осы жағдайға тап болған азаматтарымызға жан-жақты қолдау көрсетті. Дипломаттар үнемі біздің азаматтарымыздың жанында болып, солардың көмегінің арқасында Норвегия билігімен бұл мәселе тез шешілді, - деді Смадияров.

Істі қарастыру нәтижесінде Норвегия тарапы барлық ұсталғандарға билеттер сатып алып, оларды отанына қайтару шешімін қабылдапты. Ал "ұсталған қазақстандықтар өздерінің ісін шешіп бергені үшін Норвегиядағы Қазақстан елшілігіне алғыс білдірді".

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Уәлибек Әбдірайымов Қайрат Нұртасты қатты жамандап тастады

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды