Аюлардың біртүрлі қылығы видеоға түсіп қалған

lavoixdunord.fr
Бастапқыда, жануарлардың арқасы қышып, биттеп, мазасы қашып жүрген шығар деп топшылаған ғалымдар. Сөйтсе оның мәнісі онда емес екен.

Батыс-Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында ну орман иесі - қоңыр аюдың қызықты қылығы видеоға түсіп қалған. Оны Facebook-тегі парақшасына ҚР Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет жүктеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Ғалымдар аюдың кезек-кезек бір ағашты тырмалап, оған арқасын қаситынын байқаған. Бастапқыда, жануарлардың арқасы қышып, биттеп, мазасы қашып жүрген шығар деп топшылаған ғалымдар. Сөйтсе оның мәнісі онда емес екен. Олар басқа аңдар секілді, ағаш түбіне дәрет сындырып, сол секілді сол арада өзінің болғанын білдіру үшін белгі қалдырады екен. Ал сол маңда өзі секілді еркек аю жүргенін сезсе, ағашқа жотасын қасып, оны тістеп, тырнап та өз ізін қалдырады. Осылайша аюлар алыстан бір-біріне айбат шегіп, өз мінездерін көрсетіп қояды екен. Сондай-ақ бұл "туыстарымен байланыс жасауға арналған да белгі" секілді, - деп жазды Сәкен Ділдахмет.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі