Беларусь өз территориясына Ресейдің әскери базасын кіргізуден бас тартты

Сонымен бірге ол, мемлекет басшысы қабылдаған бұл шешімге ЕО мен НАТО елдері ұстанымының ешқандай қатысы жоқ екенін баса айтты.

Бұл туралы РБК-ға берген сұхбатында Беларусь Республикасының Сыртқы істер министрі Владимир Макей айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

- Заманауи технологияның дамып-өркендеп жатқанын ескерсек, бұл түк мағынасы жоқ нәрсе. Әскери-әуе базасын мұнда әкелудің не қажеті бар, егер зымырандар санаулы минутта планетамыздың басқа жағына жете алатын болса. Ал егер Беларусь елі өз аумағында қосымша әскери әуе нысандарды орналастырса, бұл біздің аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді деп ойламаймын, - деді министр.

Сонымен бірге ол, мемлекет басшысы қабылдаған бұл шешімге ЕО мен НАТО елдері ұстанымының ешқандай қатысы жоқ екенін баса айтты.

- Беларусь елінде сыртқы күштердің ықпалымен ешқашан шешім қабылданған емес, алда қабылданбайды да. Егер Беларусь билігі шешім қабылдаса, оны ұлттық мүддемізге сәйкес пе, әлде жоқ па деген тұрғыда талдайды, бұл біз ұстанатын басты қағидат, - деп түсіндірді Макей.

Бұған дейін Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Беларусь елінің Ресей әуе күштерінің базасын өз жерінде орналастырудан бас тартуын "жағымсыз эпизод" деп салған.

Оған қоса бүгін Қызыл Кремль тарапынан да ресми пікір жарияланды.

"Ресей мен Беларусь елі одақтастық міндеттемелерімен байланысты болып қала береді, бірақ Мәскеу мен Минск әскери базаны орналастыру туралы әлі мәселе көтеріп, оны талқылап көрген жоқ", - деді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: