Марат Байқамуров дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін белдеседі

Марат Байқамуров дзюдодан Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін белдеседі, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2026 17:43 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Абу-Даби қаласында (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam жарысының финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп жатыр. Жұбаныш белдесуінде ол АҚШ өкілі Дэниел Любимовскиді жеңіп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды.

Бұған дейін Марат Байқамуров ширек финалға дейін жетіп, бұл кезеңде ресейлік Идар Бифовтан жеңіліп қалған еді.

Айта кетейік, әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында бір жүлде бар. 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар қола медаль иеленді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: