Мейірлан Максим Grand Slam турнирінде қола медаль үшін күреседі
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Мейірлан Максим Токиода (Жапония) өтіп жатқан Grand Slam сериясы турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Біздің спортшы 90 келі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін күресетін болады.
Алғашқы белдесуде ол Оңтүстік Кореялық Нам Хон Лиді жеңді. Содан кейін италиялық Кристиан Парлатиді ұтты, бірақ 1/4 финалда жапондық Гоки Таджимадан жеңілді.
Жұбаныш кезеңінде Мейірлан Максим словакиялық Алекс Бартодан басым түсті. Қола медаль үшін ол жапондық Комеи Кавабатамен белдеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript