Кәмила Берліқаш дзюдодан Grand Slam жарысында күміс медаль жеңіп алды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық дзюдошы Камила Берлікаш Әбу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Grand Slam турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның 78 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі финалдық кездесудегі қарсыласы Рошель Нуньеске (Португалия) болды. Алтын медаль үшін тартыста португалиялық спортшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Камила Берлікаштың күміс медалі Қазақстан құрамасының Grand Slam турниріндегі жалғыз жүлдесі болды. Бұған дейін Ғұсман Қырғызбаев пен Данияр Шамшаев үшінші орын үшін күресте жеңіліп қалған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript