Бір "бауырлар" Мұхамеджан Тазабек Президент болсын деп жүр

stan.kz
Полицияға духы жеткен адам ғана уағыз айта алады.

Мұхамеджан Тазабек елдің тыныштығы мен берекесін ойлады, деп жазып жүр желіде Серік Боқан есімді азамат.

– Шынымен намазды адам өзі үшін оқиды. Ислам деген басшыға қарсы шықпайтын, Жапон сияқты құдайсыз елдер сияқты төңкеріс жасауға тиым салатын дін. Дүние үшін басқа үшін патшаға қарсы шыққандарға тоқтау салатын дін ислам. Сондықтан Мұхаң салыстырмалы түрде мысал келтірсе, оған өре түрегелу әбестік. Мүмкін намаздағы мұсылманды миллиондаған адамның толқынында тапталып қалмасын деп полицей тепсе тепкен шығар, бәрі де адамдардың тыныштығы үшін еңбек етіп жүр. Ол оқиға санаға байланысты шығар. Солдаттар мен Полицияға духы жеткен адам ғана уағыз айта алады, – дейді ол.

Вахабис десең де, кім десең де, Мұхаң батыр екен, деп ойлайды пост авторы.

– Тәңірші, Нұршы,Әруақшы, Құраншы, Сүлайманшы, Тәблих, Матруди, Сопылық тариқат, Рафадайыл, Қадари бастаған ағыстардан топ бастап кім шығып жауынгерлерге уағыз бен ақыл айтты? Уағыз айтудан оларды кім тосты? Вахабис десең де, кім десең де Мұхаң батыр екен. Батыр деген атты көрінгенге телігенше отанның бейбітшілігін солдаттай күзеткен осындай тұлғаға беру керек. "Ішің күйсе, тұз жала" деген бар. Мұхамеджан Тазабекті бүгін Нұр-сұлтан қаласында бауырлардың бірі айтып еді "президент болуға лайық тұлға" деп. Осындай мемлекетшіл тұлғаны қолдайық ағайын! Заманақыр жер тақыр болғанша Қазақ елінің мәңгілік ел болуын тілеймін, – деп аяқталады бұл жазба.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті