Көпбалалы отбасыларға сараланған жәрдемақы төлеу ұсынылды

zakon.kz
Бұл ретте 20789 теңге сомасындағы балаларға төленетін АӘК алынып тасталады.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 4 және одан көп кәмелеттік жасқа толмаған көпбалалы отбасыларға отбасындағы балалар санына байланысты 42500 теңгеден 73375 теңгеге дейін сараланған мемлекеттік жәрдемақы енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ретте 20789 теңге сомасындағы балаларға төленетін АӘК алынып тасталады.

АӘК-ті өңірлердегі отбасылардың орташа жан басына шаққандағы табысы мен кедейлік шегі арасындағы айырмашылық ретінде тағайындау, тоқсан сайын тағайындау, ай сайын төлеу ұсынылады.

Еңбекке қабілетті жастағы отбасы мүшелерінің АӘК алу шарттары қатаңдатылып, олар ұсынылған жұмыспен қамту шараларынан бас тартқан жағдайда АӘК бүкіл отбасына тағайындалмайтын болады.

Сондай-ақ, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға кепілдендірілген әлеуметтік пакетті енгізу қарастырылуда:

1 санаттағы балалар (6 жасқа дейін) тамақтандырумен, гигиеналық заттармен және білім беру қызметтерімен қамтылады;

2 санат (6-8 жас) - мемлекет есебінен мектептерде тегін ыстық тамақ беру, күн сайын тегін жол жүру, мектеп формасы, оқу құралдары.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі