Қазақстанның бір топ ғалымы Алтын Орда астанасы болған Астараханьда жүр

Басты мақсат - сонау Ертістен бастап, Дунай өзендеріне дейінгі аралықты иеленген Жошы империясның астаналары және ұлы хандарымыз жерленген мавзолейлер орнына ғылыми зерттеулер жүргізу.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Сарайшық" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы қызметкерлері бастаған Атырау және Батыс Қазақстан облысының бір топ мәдени және ғылыми орталықтарының өкілдері көршілес Ресей Федерациясының Астрахань және Волгоград облыстарына туристік, ғылыми зерттеу бағытындағы экспедицияға шықты, деп хабарлайды Хабар 24.

"Экспедиция мүшелері сапарын ортағасырлық "Сарайшық" қаласынан бастап, Алтын Орданың астаналары болған қалаларының орнына саяхатпен жалғасты. Экспедия Жошы ұлысы - Алтын орданың астаналары Сарайшықтан басталып, бүгінде Ресей аумағында жатқан Сарай Бату, Сарай Беркеге қарай жалғасты. Басты мақсат - сонау Ертістен бастап, Дунай өзендеріне дейінгі аралықты иеленген Жошы империясның астаналары және ұлы хандарымыз жерленген мавзолейлер орнына ғылыми зерттеулер жүргізу.", - дейді телеарна тілшісі.

Бекен Әлирахым, тілші:

- Мына жатқан "Ақсарай" алқабында Алтын орданың 5 ханының мавзолейі болды деген болжам бар. Өйткені жергілікті халықта бұл жерді хандар мекені, хандар даласы деп атайды. Қазақстандық ғалымдар болашақ архегологиялық зерттеу және қазба жұмыстарын ресейлік мамандармен бірлесе жүргізуді көздеп отыр.

Әбілсейіт Мұхтар, "Сарайшық" РМК тарихи-мәдени музей-қорығының директоры:

- Кеңестік замандағы тарихшы Егоровтың пікірінше бұл жерде Берке хан, Өзбек хан, Жәнібек хан, Бердібек хан жатуы мүмкін. Әрине бұл жер бүгінде зерттеуді, тез арада қолға алып жалғастыруды талап етеді. Бұл жер зерттелетін болса тарихи деректер молайып Алтын орданың ашылмаған қыр-сырлары ашылады.

Тарихшылардың дерегіне сәйкес Сарай Батудың іргесі 1256 жылы қаланған. Ресейлік ғалымдар қаланың аумағы: ұзындығы өзен жағалауымен 15 шақырым, ені далалыққа қарай 3-8 шақырымды алып жатқандығын ғарыштан түсірілген сүреттер арқылы дәлелдеп отыр.

Евгений Пигорев, Марий-Эл университетінің профессоры /Ресей/:

- Бұл жер ортағасырларда Еуразия құрлығындағы ең үлкен қалалардың бірі болған. Қазіргі таңда Ресей федерациясы территориясына кіретін және әлемдегі ең ірі археологиялық нысандардың бірі. Тек осы қаланың орны деп белгіленген аумағы 2061 гектар болатын жер мемлекет қорғауына алынған.

Болашақта бұл қалаардың әрқайсысы арнайы зерттеуді қажет етеді. Қазақстандық ғалымдарыдң ұсныысын ресейлік әріптестері де қолдап отыр. Сонымен қатар Алтын орданың астаналары орналасқан осы аймақтармен бірлескен этнотуристік бағдарламаларды жүзеге асыру басты мақсаттардың бірі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: