Алматыда бір үй 4 тонна құмға көміліп жатыр

eventavenue.kz
Бұл - қазақстандықтарды өсімдіктер әлеміне, соның ішінде бірегей ағаш - сексеуілге ұқыптылықпен қарауға шақыратын ескерту.

Алматы қаласындағы Құрманғазы және Байсейітова көшелерінің қиылысындағы саябақта "4 тонна құм" деген уақытша арт-инсталляция орнатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл - қазақстандықтарды өсімдіктер әлеміне, соның ішінде бірегей ағаш - сексеуілге ұқыптылықпен қарауға шақыратын ескерту.

"4 тонна құм" арт-жобасы экологиялық мәдениет деңгейін арттыруға, халықтың бірегей түрлерге қамқорлық көзқарасын қалыптастыруға, қоғамның өзінің күшімен сексеуілді сақтаудың маңыздылығын ұғындыруға және оны отын ретінде пайдаланудан бас тартуға бағытталған.

Бұл нысан 4-тонна құмға батқан тұрғын үйден құрылған композиция ретінде бейнеленген (құм Балқаштың шөлді аймағындағы Бақбақты ауылынан жеткізілген). Инсталляция адамдардың табиғат күштерінің алдында қалайша жеңіліп қалатынын көрсетеді.

"Құмға көмілген үй – жерлердің азуының және ауылдарымызға құмның құйылуының жарқын символы іспеттес. Бұл дәл жанымызда болып отырған нәрсе, Алматы қ. 160 км жерде сексеуіл шабудың салдарынан құм Бақбақты ауылын көміп жатыр. Мұндай инсталляция арқылы біз көрнекі түрде сексеуілді шабудың нәтижесінде шөлейттенудің қандай салдары болатынын көрсеткіміз келді", - деп атап өтті ҚР Экология, геология және табиғи қорлар вице-министрі Ерлан Нысанбаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі