10 млн-ға жуық ақшаны "жеп алған"  Жақаев 4 жылға сотталып кетті

Zakon.kz
ҚР АШМ-ның "Қазсушар"-дың Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы директоры ақша жымқырғаны үшін сотталды.

СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан филиалының бұрынғы директоры С.А. Жақаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол іссапар шығындарын өтеуге және филиал қызметкерлеріне материалдық көмек төлеуге арналған бюджеттік ақшалай қаражатты, сондай-ақ өндірістік базадағы бақылау-өткізу пунктін қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуде қызметтерді төлеуге арналған ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жалпы сомасы 6,9 млн.теңге болатын ақшаны жымқырды деген күдікке ілінген болатын.

2019 жылдың 10 қазанында Петропавл қалалық сотының үкімімен Жақаев сотталды және оған 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру мен мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды