Алматы. Сейфуллинің төмен жағы. Бір кеште жап-жас 16 жезөкше ұсталды

Жезөкшелер өз бизнесін Сейфуллин даңғылының бойындағы пәтерлерде жүргізеді.

Алматының төмен жағында он секс-притон табылды, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жезөкшелер өз бизнесін Сейфуллин даңғылының бойындағы пәтерлерде жүргізеді.

- Барлығы он пәтерден жеңіл жүрісті 16 қыз табылды. Төртеуі Өзбекстаннан келген. Қыздар Түрксіб аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Қыздар клиенттерін іші қонақүйге ұқсайтын жалдамалы пәтерлерде қабылдаған. Әкімшілік кодекстің 450 бабына сәйкес, жалға алудың түпкі мақсатын біле тұра жалға берген пәтер иелері бөлек жауапқа тартылды. Өткен тәулік ішінде 10 әкімшілік іс қозғалды, ал 1 шілдеден бері секс-притон ұстағаны үшін 67 адам жауапқа тартылды, - деді Алматы ПД криминалды полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Жанболат Зиадин.

Полиция басқармасына жеткізілген жезөкше қыздардан саусақ іздері алынып, арнайы есепке қойылды. Өзбекстан азаматшаларына қатысты көші-қон қызметінің өкілдері тексеру шараларын жүргізеді. Шетелдік қыздардың көші-қон заңдарын бұзғаны анықталған жағдайда олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады және сот шешімімен елден шығарылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: