Ақтауда "Көрпе Fest" мега-фестивалі өтті

акимат области
Фестиваль аясында оқыту семинарлары, тігін және қолданбалы өнер бойынша сабақтар өткізілді, әлеуметтік желілерде бизнес жүргізу бойынша шеберлік сыныптары мен көрмелер ұйымдастырылды.

8-10 қазанда Ақтау қаласында алғаш рет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Маңғыстау облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен "Көрпе Fest" мега-фестивалі өтті. Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев қатысты.

Фестиваль аясында оқыту семинарлары, тігін және қолданбалы өнер бойынша сабақтар өткізілді, әлеуметтік желілерде бизнес жүргізу бойынша шеберлік сыныптары мен көрмелер ұйымдастырылды.

Бұл әлеуметтік жоба көп балалы аналар мен аз қамтылған әйелдердің жеке ісін жүргізуге, өз мүмкіндіктерін дамытуға, сондай-ақ ұлттық қолөнерді одан әрі танымал етуге көмектеседі.

Шара аясында танымал этнодизайнер, "Алтын сапа" сыйлығының лауреаты Ырза Тұрсынзаданың қолөнерші ізбасарлары дайындаған бұйымдарының жәрмеңкесі өтті.

Сонымен қатар, "Аналар аманаты" деректі сериалынан фильм көрсетіліп, онда "Мәдени мұралар мен ұлттық қолөнерді жаңғырту" әлеуметтік жобасы туралы айтылды.

Ырза Тұрсынзада мен оның шәкірттері Маңғыстау облысының тарихи орындары бойынша экспедиция ұйымдастырып, олар "Бекет Ата" мешітіне өз қолдарымен тігілген жастықтар, көрпелер, ұлттық нақыштағы жамылғылар сыйлады.

Сондай-ақ, еліміздің төл мәдениетінің дамуына зор үлес қосып жүрген батыр аналарға "Аманат" қоғамдық қоры атынан премия, ең озық тігіншілерге Маңғыстау облысы әкімдігі мен "Тігін машиналар үйі" атынан барлығы 30 тігін машинасы, қаржылай сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды. Ал, қыз-келіншекке арналған ең әдемі көйлек тіккен қатысушыға арнап авторлық дизайнда жасалынған маталар сыйлыққа тапсырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Шымкентте пәтерден екі баланың мәйіті табылды