Нығматулин Сербиядағы Парламентаралық Одақ Ассамблеясы отырысына қатысады

Ж.Құспанов
Н.Нығматулин Ассамблеяның халықаралық құқықты нығайтуға арналған жалпы отырысында сөз сөйлейді деп жоспарлануда.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин 12-15 қазан аралығында Белградта өтетін (Сербия Республикасы) Парламентаралық Одақ Ассамблеясының 141-ші отырысына қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Н.Нығматулин Ассамблеяның халықаралық құқықты нығайтуға арналған жалпы отырысында сөз сөйлейді деп жоспарлануда.

Қатысушылардың басты назары халықаралық құқық пен тәртіпті сақтау және нығайту механизмдеріне, сондай-ақ, аймақтық ынтымақтастық мәселелеріндегі парламенттердің рөліне арналады.

Мәжіліс Төрағасының бағдарламасында бірқатар екіжақты кездесулер, оның ішінде Парламентаралық одақтың төрағасы Габриэла Куэвас Барронмен, Сербия Парламентінің Басшысы Майя Гойкович, Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенкомен, сондай-ақ, басқа да елдердегі әріптестерімен кездесуі жоспарланған.

Парламентаралық Одақ (ПО) 1889 жылы дүниежүзілік парламенттердің әрекеттерін үйлестіру үшін құрылды. Қазіргі уақытта Одақ 178 мемлекет пен 12 аймақтық парламентаралық ұйымдарды біріктіреді.

Оған Қазақстан 1993 жылы мүше ретінде қабылданды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті