Қазақстанда гендерлік теңсіздікпен күресетін әйелдер альянсы құрылды

ТАСС/Петр Ковалев
Бұдан былай әйелдер қауымының жоғын жоқтайтын ұйымдар қоғамның осы тобына мемлекеттің назарын аудартып, тіпті қоғамда оқтын-оқтын көтерілетін тоқал алу идеясына қарсы шықпақ.

Елімізде гендерлік теңсіздікке қарсы "Қазақстанның әйелдер күштерінің альянсы" атты жоба қолға алынды. Олар әйелдердің мәртебесін арттырып, әл-ауқатын жақсарту қажет деп санайды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Бұдан былай әйелдер қауымының жоғын жоқтайтын ұйымдар қоғамның осы тобына мемлекеттің назарын аудартып, тіпті қоғамда оқтын-оқтын көтерілетін тоқал алу идеясына қарсы шықпақ", - дейді телеарна тілшісі.

Назгүл Мақжанова, "Қазақстанның әйелдер күштері альянсы" төрайымының орынбасары:

- Қоғамдағы әйел статусының, оның экономикалық жағдайын жақсарту, әлауқатын жақсарту, әйелдер өз-өзін қамтамасыз ететін жағдай жасау. Осы мақсаттарды меңзеп, альянстың құрамына 20-дан аса үкіметтік емес ұйымдар бас қосып отырмыз.

Альянс өкілдерінің айтуынша, Қазақстандағы нәзік жандар мүмкіндіктерін кеңейте алмай, соның кесірінен тек әлеуметтік кәсіпкерлікпен шектелуде. Ең сорақысы, қыздарымыз әлеуметтік сатылардан сүрініп, шетелдіктерге тұрмысқа шығуда немесе ауқатты отбасылы ер адамның етегінен ұстауға мәжбүр.

Елімізде әлі күнге дейін әйелдердің жалақысы ерлерден 30 пайызға төмен. Оның ішінде 57 пайызы тұрақты жұмыс істемейді. Сондықтан аталмыш топтың өмір сүру сапасын арттырып, әл-ауқатын жоғарылатуды көздеген альянс бірнеше бағыттан тұратын бағдарлама ұсынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды

Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы бес күнге арналған ауа райы болжамы