Соңғы 8 айда Қазақстаннан 30 мыңнан астам адам көшіп кетті

Shutterstock
89 мың неке қиылып - 40 мың ажырасу болды.

ҚР Ұлттық экономика министрлігіндегі статистика мамандарының дерегінше, биылғы сегіз айдың ішінде Қазақстаннан 31 мың 287 адам (2018 жылдың қаңтар-тамызында 27 мың 737) кетіп қалды. Ал елге көшіп келгені 7 мың 420 адам (8 мың 426), деп жазады "Интерфакс-Қазақстан" таратқан ақпаратқа сүйенген kursiv.kz.

Осылайша, 2019 жылғы қаңтар-тамызда республикада теріс көші-қон сальдосы 23 мың 867 адамды құрады.

2019 жылғы тамызда Қазақстан халқы 18,6 мың адамға көбейді және 1 қыркүйекте 18 млн 547,5 мың адамды құрады, деп хабарлайды комитет.

Қазақстан халқының табиғи өсімі қаңтар-тамызда 175 мың 776 адамды құрады (2018 жылғы қаңтар-тамызда - 173 мың 709 адам).

Елдегі демографиялық жағдайдың өзге сипаттамаларына сай, тиісті уақытша көрсеткіштер мынау: бала туу - 265 мың 286 (261 мың 723), өлім - 89 мың 510 адам (88 мың 14).

Статистика комитеті сонымен қатар қаңтар-тамызда республикада 89 мың 510 неке (88 мың 931) қиылды деп хабарлады.

Алайда қаңтар-тамызда 40 мың 21 ажырасу тіркелді (36 мың 815).

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

Қазақстанда 2-4-сынып оқушыларына қатысты жаңа талап енгізіледі

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды