Сириядан оралған 15 қазақстандық 5 жылдан 10 жылға дейін сотталды

видеодан кадр
Ал олардың балалары жетімдер үйіне тапсырыла ма?

"Жусан" гуманитарлық операциясымен елге оралғандардың алды соттала бастады. 15 адам Сириядағы содырлармен байланысқаны үшін 5 жылдан 10 жылға дейін жазаға тартылды. Тағы 14 адам ДАИШ террористік ұйымның әрекетіне қатыстықан деген айыппен сот алдында жауап бермек, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Сириядағы соғыс әйелдерді жесір, балаларды жетім етті. Шам еліндегі шайқастан шарапат табамыз деп аттанған қазақстандықтың бірі - Айдана Максим.

Айдана Максим:

- Келе жатқанда бала-шағаммен он қадамдай алдыма снаряд түскен. Бүгін жатсақ, біз емес, кішкентай 5-6 жастағы балалар "Инша Алла бүгін түнде біз өліп қамасақ, таңертең тұрып осындай ойын ойнайықшы" деген әңгіме айтатын болды балаларым.

Қазір қатерге толы сол күндерді қорқынышты түстей еске алады. Айдана Сириядағы сол сойқаннан бір ай бұрын елге жеткеніне шүкіршілік етеді.

Айдана Максим:

- Мамама жазатынмын. Қиналдым, кеткім келеді, үйге барғым келді деген сияқты. Мама айтатын: "Осы бүгін келесіңдер", - деп. Күлемін, сенбеймін. Мама қалай? - Жоқ шын айтамын, сендер келесіңдер үйге.

"Жусан" операциясы кезінде 595 қазақстандық елге қайтарылды. Оралғандардың 400-ден астамы бала. Бірақ елге оралған ересектер жазасыз қалмайды.

ДАИШ террористік ұйымының әрекетіне қатысы барлары жазаға тартыла бастады.

Аркен Абдуғали, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми өкілі:

- Қайтарылған адамдардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу фактісі бойынша әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айырылды.

ДАИШ ұймының жасағында болған тағы 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оларға содырлық әрекетке қатысып, терроризмді насихаттады және өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылып отыр.

Дәулет Елемесов, ҚР ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Сотталып жатқан азаматтардың балалары бар. Бүлдіршіндерді жетімдер үйіне орналастыру туралы ұсыныстар болған, дегенмен олар сотталушылардың туыстарына берілді.

Таяуда Қазақстан Ирактағы жетімдер үйінде қалған тағы 14 баланы елге қайтаруды жоспарлап отыр. Олардың әкелері соғыс аймағында мерт болып, аналары сол жақта өмір бойына бас бостандықтарынан айырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты