Нұр-Сұлтанда 5 млн теңге парамен түскен әкім орынбасары 3 жылға кетті

zakon.kz
Нұр-Сұлтан қаласының "Алматы" ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін сотталды.

Нұр-Сұлтан қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шаһардың "Алматы" ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Т.М. Тлеуов пен "Лайн Групп" ЖШС және "Ақжайық Энерго" ЖШС директоры Б.К. Абдиевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлады Zakon.kz.

Т.М. Тлеуов "Алматы" ауданын жарықтандыруға қызмет көрсету бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шартта орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін Б.К. Абдиевтен 5 млн теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Ағымдағы жылдың 17 қазанында Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Тлеуов Т.М. пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызметтелауазымды қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

Осы үкіммен Б.К. Абдиев пара бергені үшін сотталды және оған 71 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін