Таразда 80 көппәтерлі тұрғын үй жөнделмек

пресс-служба
Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты басқарма басшысы келер жылға 3,4 миллиард теңгеге 80 үйдің жөндеу жұмыстары жоспаланып отырғанын жеткізді.

Тараз қаласында ескірген 80 көпппәтерлі тұрғын үй келесі жылы кұрделі жөндеуден өтеді деп жоспарлануда.

Қалаларда орналасқан көпқабатты тұрғынүйлерді жөндеу мәселесі көп жылдардан бері күн тәртібінен түспей келді. Шатырдан су ағып, жертөлелер істен шығып, жергілікті жұртшылықтың шамына тигені жасырын емес. Кейінгі жылдары бұл мәселелер тұрғынүй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы аясында, кейінірек өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде қарқын ала түсті. Бүгінде тараздықтар да бұл бағдарламалардың тиімділігін көре бастады десек қателеспейтіндігіміз белгілі.

Айта кетейік, ағымдағы жылы Тараз қаласында барлығы 989,6 миллион теңгеге ескірген 25 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның 540 миллион теңгесі қала бюджеті есебінен қарастырылса, қалған қаражат алдыңғы жөндеу жұмыстары жүргізілген үйлерден қайтарым қаржы есебінен есептелініп отыр.

Солардың бірі ретінде қаланың "Ақбұлақ" шағын ауданындағы №9, №17 үйлердегі жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарын айтсақ та болады. Аталған тұрғын үйлер 1966 жылы салынған, 5 қабатты, 70 пәтерлі. Өз кезегінде тұрғын үйлердің шатырлары, жылу, ыстық және мұздай су, кәріз жүйелері, элеватор торабы, электр жүйелері ауыстырылып, кіреберістері күрделі жөндеуден өтуде. Жөндеу жұмыстарының жалпы құны 292 945 мың теңгені құрайды.

- Ағымдағы жылы Тараз қаласында барлығы 989,6 миллион теңгеге 25 үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 540 млн.теңге қала бюджеті есебінен болса, қалған қаражат алдыңғы жөндеу жұмыстары жүргізілген үйлерден қайтарым қаржы есебінен. Бүгінгі таңда қала бойынша барлығы 1298 көппәтерлі тұрғын үйлер бар. Оның ішінде бүгінгі күнге 300-ге жуық үй күрделі жөндеу жұмыстарын қажет етеді, - дейді облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаров.

Жамбыл облысы әкімдігіне қарасты басқарма басшысы келер жылға 3,4 миллиард теңгеге 80 үйдің жөндеу жұмыстары жоспаланып отырғанын жеткізді. Ол үшін республикалық қазынадан қаражат бөлуге Құрылыс комитетіне бюджеттік өтінім тапсырылып қойыпты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды