Биыл Ұлттық біліктілік тесті тұңғыш рет электронды форматта өтеді

ҚР БҒМ
Министрлік бейнебақылау көмегімен біліктілік тестін тапсыру барысын бақылауды жоспарлап отыр.

"Педагог мәртебесі туралы" жаңа Заң шеңберінде мектепке дейінгі, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби өсуі Ұлттық біліктілік тестін тапсырып, аттестаттаудан өту арқылы қарастырылған, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Ұлттық біліктілік тестін компьютерлік режимде өткізуді жоспарлап отырмыз. Қараша айында 70 мыңға жуық мұғалім тестілеуден өтеді. Олар өздерінің сұрақтары мен жауаптарын көруге, жіберілген қателіктерді талдап, дәл елдерімен аппеляцияға беруге мүмкіндік алады. Болашақта біз Ұлттық біліктілік тестін толығымен автоматтандыруды жоспарлап отырмыз, басшылықтың араласуын болдырмаймыз, сондықтан, үміткер біліктілік тестін өткізудің орны, күні мен уақытын өз бетінше анықтайды, – деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Білім және ғылым министрлігі бейнебақылау көмегімен біліктілік тестін тапсыру барысын бақылауды жоспарлап отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі