Қытайға 4 млн теңгеден астам ақша алып өтпек болған әйел ұсталды

zakon.kz
Қазақстан азаматшасы Қытайға 4 млн теңгеден астам декларацияланбаған қаражатты өткізбек болған.

Алматы облысы бойынша МКД "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінің қызметкерлері ҚР ҰҚК ШҚ 2088 ә/б және Алматы облысы бойынша ДЭР қызметкерлерімен бірлесіп, "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде ҚР-дан ҚХР-ға шығу кезінде қол жүгінде декларацияланбаған 4 065 000 теңгені (10 423 доллар) анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазіргі уақытта кінәлі тұлға ӘҚБтК-нің 551-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік айыппұл түрінде жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге саламыз, жеке тұлғалар кедендік декларациялаусыз қолма-қол шетел және ұлттық валютаны (бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда) және жол чектерін жалпы сомадағы 10 мың АҚШ долларына тең немесе одан аспайтын әкелуге немесе әкетуге құқылы.

10 мың АҚШ доллары баламасынан асатын сома, ЕАЭО елдері кедендік аумағының құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтан немесе аумаққа жүзеге асырылатын әкелу немесе әкету жағдайларын қоспағанда, міндетті кедендік декларациялауға жатады.

Кедендік декларациялау өткізілетін қолма-қол ақшаның және жол чектерінің шығу тегі мен мақсаты туралы мәліметтерді көрсете отырып, барлық сомаға жазбаша нысанда кедендік декларацияны беру арқылы жүзеге асырылады. Декларацияда көрсетілген қаражатқа салық салынбайды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді