Түркістан: Кентауда мыс-алтын Аралас концентрат өндіретін зауыт ашылды

Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі
Жобаның мақсаты - бос тұрған өнеркәсіп орнында түсті металлдар кендерін байыту кешенін ұйымдастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу.

Кентау қаласының 64 жылдығына орай, "Кентау полиметалл" ЖШС ашылу салтанаты өтті.

Айтулы шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев, "Кентау полиметалл" ЖШС-ң басшысы Дмитрий Копченко қатысты.

Сондай-ақ, ардагер кеншілер Қамбар Сейітжанов пен Шерхан Әбілов ашылғалы тұрған кәсіпорынның маңыздылығына тоқталып, ізгі тілектерін білдірді. Содан соң Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Иябайұлы, Кентау қаласының әкімі Даурен Мақажанов, ардагер кенші Шерхан Абилов, кәсіпорын басшысы Дмитрий Копченко зауыттың іске қосу тетігін басып, салтанатты түрде іске қосты.

Жобаның мақсаты - бос тұрған өнеркәсіп орнында түсті металлдар кендерін байыту кешенін ұйымдастыру және жаңа жұмыс орындарын ашу. Жобаның көзделген мақсатына жету үшін 2016 жылдың 10 желтоқсанында Кентау қаласының әкімдігі, облыстық Кәсіпкерлер палатасы және инвестициялық компания арасында 2 170 000 000 теңге сомасына инвестициялық жобаны жүзеге асыру туралы үш жақты меморандумға қол қойылған болатын.

Бүгінде жоба толық іске қосылып отыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді