Түркістан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Аудан орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан ауыл округінің бұрынғы ғимараты тозығы жетіп, ескірген.

Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ашылған жаңа дәрігерлік амбулаториясы Сарыағаш ауданы, Қызылжар ауылдық округінде пайдалануға берілді.

Ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев, облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев пен аудандық билік басшылары және жергілікті тұрғындар қатысып, лентасын қиды.

Аудан орталығынан 16 шақырым жерде орналасқан ауыл округінің бұрынғы ғимараты тозығы жетіп, ескірген. Халыққа дәрігерлік көмек көрсетуге арналған жаңа емдеу-профилактикалық мекемесі заманауи медициналық жабдықпен толық қамтылған.

Соның арқасында жергілікті тұрғындарға акушерлік және жұқпалы ауруларға арналған фильтр бөлмелерінде де ем көрсетіліп, тіс дәрігері қызмет көрсете бастады. Жаңа емдеу мекемесінде қырыққа жуық медицина қызметкері жұмыс істейді. Жалпы, Қызылжар ауылдық округінің халық саны жеті жарым мыңнан асады.

Ашылу салтанатына арнайы қатысқан ауыл тұрғындары, енді дертіне дауа іздеп алысқа табан тоздырмайтындарын айтып, алғыстарын білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді