Жапон императорының таққа отыру рәсіміне Елбасы фрак киіп барды

instagram.com
Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан осы деңгейдегі іс-шараларда белгіленген киім үлгісін ұстанады.

22 қазанда Токиода Жапонияның жаңа императоры Нарухитоның салтанатты түрде таққа отыру рәсімі өтіп жатыр. Ресми салтанатты шараға Елбасы да қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Instagram-да Елбасы фракты бірінші рет киіп тұрмағанын жазған.

- Қазақстанның тұңғыш Президенті Жапония Императоры Нарухитоның таққа отыру ресми рәсіміне қатысты. Жапон тарапы бұл шараға сәйкес арнайы киім үлгісін белгілеген. Оған сәйкес, рәсімге қатысушылардың барлығы, соның ішінде делегация басшылары "Ақ галстук" дресс-кодымен жүруі керек. Елбасы фракты бірінші рет киіп тұрған жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев әрқашан осы деңгейдегі іс-шараларда белгіленген киім үлгісін ұстанады, - делінген хабарламада.

БАҚ беттерінде Нұрсұлтан Назарбаевтың киімге келгенде таңдауы, әдетте галстугі бар көк қою түсті костюм-шалбарға түсетіні айтылады. Елбасы 2008 жылы әйелдерді 8 наурыз мерекесімен және 2014 жылғы Жаңа жылдық құттықтаудағы видеода фракта көрінген.

Фрак - ақ түсті галстук киімінің дресс-коды. White tie - бұл киім үлгісінің ең қатаң түрлерінің бірі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Айдос Укибай: «Первый Президент Казахстана принял участие в официальной церемонии интронизации Императора Японии Нарухито. Японская сторона установила соответствующий дресс-код для этого мероприятия. Все участники церемонии, включая глав делегаций, должны быть одеты по дресс-коду «White Tie». Фрак Елбасы надевает не впервые. Нурсултан Назарбаев всегда придерживается установленного на мероприятиях такого уровня дресс-кода».

Публикация от Елбасының Баспасөз қызметі???????? (@elbasy_nazarbayev)

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Шекарадағы кезек. Төбелес шығарған көпбалалы ана ақыры соттан бір-ақ шықты

Қазақстанға аптап ыстықтың жаңа толқыны мен жаңбыр қатар келеді

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды