Қазақстан Қорғаныс министрінің Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары жалғасуда. Ол "Сяншань" қауіпсіздік мәселелері бойынша IX Бейжің форумында сөз сөйледі.
Форумның пленарлық отырысындағы баяндамасында қорғаныс ведомствосының басшысы қару-жарақ пен жаһандық қауіпсіздікті халықаралық бақылау жүйесіне қатысты ой-пікірімен бөлісті.
- Тәуелсіздік жылдарында еліміз көршілік пен ынтымақтастық белдеуін құрды, Азиядағы сенім шаралары мен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің құрылуына бастама танытты, ШЫҰ құрылтайшыларының біріне айналды. Азияның қауіпсіздігін қамтамасыз жолдарын кіріктіру жөніндегі жұмысты біртұтас етіп жалғастыруды қажет деп санаймыз. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай "бүгін біз өкінішке орай, әртүрлі екіжақты альянстардың, өңірлік және субөңірлік институттардың алуан түрін көріп отырмыз, - деді ол.
Министр ғарышта, Әлемдік мұхит пен Арктикадағы бейтарап суларда қару-жарақты орналастыруға тыйым салу туралы "Әлем. ХХІ ғасыр" манифестінде атап өтілген Елбасы бастамаларының маңыздылығын, сондай-ақ жаппай жою қаруының жаңа түрлерін құру үшін ғылыми жаңалықтарды пайдалануға тыйым салу туралы атап өтті.
- Өңірлік және жаһандық тұрақтылық көбінесе келісілген іс-қимылдарымызға байланысты болады. Сондықтан бірлескен шешімдерді іздестіру және теріс үрдістер мен қауіп-қатерлерге тойтарыс беруді тереңдету қажет, - деп Нұрлан Ермекбаев ойын түйіндеді.
Қытайға жұмыс сапары барысында Министр қытайлық әріптесі ҚХР ұлттық қорғаныс министрі генерал-полковник Вэй Фенхэмен кездесті.
Қорғаныс ведомстволарының басшылары әскери саладағы екіжақты ынтымақтастық бағыттарын, бірлескен оқу-жаттығуларға қатысу, кадрларды дайындау, сондай-ақ әскери-техникалық өзара іс-қимылды талқылады. Министр қытайлық әріптесін Бейжің форумына қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдірді.
Одан басқа, Қорғаныс министрі "CATIC" қытай ұлттық аэроғарыш импорттық-экспорттық корпорациясына және қосалқы бөлшектерді сақтауға арналған автоматтандырылған қоймаға барды.