Павлодарда әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директоры ұсталды

zakon.kz
"Павлодар "ӘКК "ҰК" АҚ әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директоры пара алды деп айыпталуда.

Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Павлодар "ӘКК" "ҰК" АҚ әлеуметтік даму корпоративтік қорының бас директорына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол аяқталмаған әлеуметтік нысанды бағалау бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасасқаны үшін кәсіпкерлерден бұрынкелісілген 1 млн теңгенің 500 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Корпоративтік қордың бас директоры ұсталып, Павлодар қ. ПБ-ның УҰИ-ына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты