Біз Беларусь елімен келісімдерге отыруда биік белеске көтерілдік - Тоқаев

belta.by
Президент тараптардың гуманитарлық саладағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ халықаралық аренада белсенді өзара іс-қимыл жасауға мүдделі екенін атап өтті.

Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Беларусь елі өте маңызды келісімдерге келді, деп мәлімдеді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бұл біздің мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың барлық мәселелерін талқылауға және қажет жағдайда қосымша серпін беретін жақсы мүмкіндік", - деді Тоқаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен болған кездесуінде.

Президент жабық есік жағдайында өткен кездесуде тараптар басты проблемалық мәселелерді талқылады, өйткені өте жақын қарым-қатынастағы мемлекеттердің арасында да өзара талқылауды, нақтылауды және ең маңызды шешімді қабыл етуді қажет ететін мәселелер болады.

- Мен басталып кеткен келіссөздердің нәтижесінде біз өте маңызды келісімдерге қол жеткіземіз әрі ол таяу болашақта қолға алынып, жүзеге асырыла бастайды деп санаймын, - деп атап өтті Қазақстан Президенті. Оның айтуынша, тараптар гуманитарлық саладағы өзара байланысты нығайтуға, сондай-ақ халықаралық аренада белсенді өзара іс-қимыл жасауға мүдделі.

- Сондықтан бүгін қол қойылған келісімдер мен бірігіп жасаған мәлімдемелер, менің ойымша, біздің мемлекеттеріміздің арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетудегі өте маңызды қадам, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Шымкентте көлік дүкенге соғылып, өртеніп кетті: екі адам жансақтау бөлімінде жатыр