Америкалықтар асырап алған қазақ баласы қайтыс болды

Pixabay
Қостанай қаласында дүниеге келген Дэвинді бір жас екі айлығында Уэйн мен Кэтлин Такэбери деген америкалық ерлі-зайыпты асырап алған.

АҚШ-тың Уэст-Тисбери (Массачусетс) штатында 2001 жылы асырап алынған 17 жастағы Девин Айсұлу Такэбери деген қазақ баласы қайтыс болды. Бұл туралы Mvtimes жазады.

Жігіт 1 қыркүйекте өз үйінде қайтыс болды. Оның өліміне не себеп екені әлі белгісіз.

Қостанай қаласында дүниеге келген Дэвинді бір жас екі айлығында Уэйн мен Кэтлин Такэбери деген америкалық ерлі-зайыпты асырап алған. Ол қайтыс болған мезетте 12-сыныпта оқып жүрген.

Девин АҚШ-тағы қазақ диаспорасымен тығыз байланыста болған, оның достары көп болыпты. Ол сурет түсіру, сурет салу, гимнастика және бимен шұғылданатын шығармашылық адамы болған. Оның жұмысы Scholastic Awards 2018 ұлттық сыйлығының екі бас жүлдесін иеленген.

Сонымен қатар, басылымның мәліметінше, Девин ЛГБТ қауымдастығының ашық өкілі болған. Ол мұғалімдермен, студенттермен және басқа да қоғам мүшелерімен қоғамдық пікірталастарға белсенді қатысып отырған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз